18.03.2024 жылы «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК - да «Наурыз-Бейбітшілік пен ізгілік мерекесі» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.

Іс - шараны "Ветеринария" мамандығы бойынша 11 топтың сынып жетекшісі-Абылхалимова Аяулым Серікқызы өткізді. Сынып сағаты барысында топ 2 командаға бөлінді.


Әрбір команда 4 конкурсқа қатысты:
1. "Наурыз көже" – ингредиенттердің ішінен студенттер Наурыз көже дайындау үшін қажетті заттарды таңдады.
2. "Асық ату" - студенттер «Асық ату» ойынында өз шеберліктерін көрсетті.


3. "Көкпар" – әрбір команда берілген сұрақтарға шапшаң, әрі дұрыс жауап беру қажет.
4. "Ия/Жоқ" - әр командадан бір адам шақырылады. Бұл ойын шапшаңдықты, ептілікті талап етеді.
Командалардың жұмысын құрамына кіретін қонақтар бағалады:


1. Мусина Гүлзира Катранқызы - директордың ТІЖ жөніндегі орынбасары;
2.Дмитрик Татьяна Анатольевна - директордың ОІЖ жөніндегі орынбасары;
3.Черкасова Евгения Анатольевна - директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары;
4.Тойшибекова Рая Жанысқызы - гуманитарлық пәндер оқытушысы;
5.Ахметжанова Сәуле Орайханқызы - жалпы білім беретін пәндер оқытушысы.
Сынып сағатының соңында тамаша мерекеге орай «Шашу» атты шағын рәсім өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы біліп қана қоймай, мереке күндері дайындалатын дәмді ұлттық тағамдардың дәмін татты. Барлық қатысушыларға денсаулық, қуаныш, бейбітшілік пен амандық тіледі.
